Қазақстандықтар Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге киіз үй тігіп жатыр

Бауырлас халыққа қол ұшын созуға елімізден 12 ерікті қарапайым халықтың аманатын алып жетті. Тілші Нұрбек Бекбау бастаған топ зардап шекендерге киіз үйлер тігіп жатыр. Қуатты жер сілкінісінің ошағына айналған Қаһраманмараш өңіріне бастапқыда 30 киіз үй  жеткізілді.

Нұрбек Бекбау, ерікті:

- Киіз үйдің алғашқы легі келіп, мына жақтарда орнатылып жатыр. Бізден үш-төрт күн бұрын келіп қойған. Енді негізгі лек ертең 84 киіз үй келеді.

Еске салайық, Түркияға көмек көрсету мақсатында жерлесіміз шот ашқан. Бастаманы қазақстандықтар қолдап, 50 жуық киіз үй мен тұрмысқа қажетті заттар сатып алды. Игі істен отандық кәсіпкерлерде шет қалмай тағы сонша киіз үй жөнелтті.

Нұрбек Бекбау, ерікті:

- Дәл қазір сыртта ауа райы минус 17. Өте суық. Киіз үйді тігіп алдық. Ішінеде жатырмыз, суық соның өзінде. Эксперементалді түрде тексеріп жатырмыз. Яғни, жорықтық көрпе және ошақ керек екен, осыны түсініп жатырмыз. Бірақ мына киіз үйге кемінде 20 адамды сыйдыруға болады екен, бұл да бір көңілге медеу.

Түркиялықтардың қайғысына ортақтасқан  қазақстандық қайырымды жандар жинаған гуманитарлық көмек 6 күннің ішінде ел бойынша 15 тоннадан асты. Көмек көрсету науқаны аясында ақшалай түрде шамамен 1,5 миллион доллар жиналды. Игі іс әліде жалғасуда. Табиғи апат орнына жіберілген 100-ге тарта қазақстандық құтқарушылар бүгінге дейін үйінді астынан жеті жапашегушіні  аман алып шығып, 53 адамның мүрдесін тапқанын айта кеткен жөн.