Жыл сайын Ұлттық қордан әр қазақстандық баланың шотына $150 аударылады

Жыл сайын Ұлттық қордан әр қазақстандық баланың шотына $150 аударылады

Яғни кәмелет жасына толмаған әр азаматтың шотына жылына 150 доллар көлемінде қаржы аударылады. «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама аясында елімізде туған әр сәбиге автоматты түрде арнаулы жинақтаушы есепшот ашылады. Шикізаттық сектордан түскен табыстың тең жартысы барлығына бірдей бөлінеді. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтың айтуынша, төлемнің көлемі инвестициялық кіріске байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Болжам бойынша баланың шотындағы жинақ сомасы 18 жасқа толғанда үш жарым мың доллар шамасында болады. Оны отандық немесе шетелдік білім ордаларындағы оқу ақысын төлеу үшін, болмаса Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға да жұмсауға болады.