Қазақстан шекарасындағы электронды кезек Өзбекстан мен Түрікменстан шекарасында енгізілмек

Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Төрт өткізу бекетінің екеуі Қытай шекарасында ораналасқан. Атап айтқанда бұл – «Бақты» және «Майқапшағай» бекеттері. Қалған екеуі Маңғыстау облысында орналасқан. Бұл Темір-Баба және Тәжен өткізу бекеттері. Біріншісі Түркменстанмен, екіншісі Өзбекстанмен шекаралас. Бүгінде жүйеде шамамен 7,5 мың пайдаланушы тіркелген, кезекті брондау бойынша 84 мың операция орындалған.

Айта кетейік, CarGoRuqsat қызметі өткен жылдың қараша айында Qoldau.kz цифрлық платформасында іске қосылды. Электронды кезек сервисі тасымалдаушыларға алдын ала кезек алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жақында ол «Face ID», яғни адамның келбетін сканерлеу арқылы тексерумен толығып, шетелдік азаматтар үшін тұлғаны банк картасы арқылы растау қызметін іске қоспақ.