Маңғыстауда жаңа кен орындарын игеру бойынша жаңа жоба басталды

Бұл жөнінде Маңғыстау облысының әкімдігі мәлімдеді. Жобаға сәйкес, «Қаламқас-Хазар» кенішінде алғашқы өндіріс 2028 жылдың соңына жоспарланған. Теңіз платформасындағы құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында басталмақ. Ал жобалау жұмыстары биыл жүргізіледі.

Еске салайық, 6 ақпанда кен орнын игеру бойынша жетілдірілген үлгілік келісімшартқа қол қойылды. Жоба аясында 6 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылады. Жалпы «Қаламқас теңіз» және «Хазар»  аумағында 81 млн тонна мұнай қоры бар. Алдағы уақытта Каспий теңізінің құрлықтағы бөлігінде де жұмыстар жүргізіледі.