Қазақтың киіз үйі Германияда өткен көрмеде көпшілікті тәнті етті

Еліміздің Мәдениет және спорт  министрлігінің хабарлауынша, Берлинге еліміздің қолөнер шеберлері мен суретшілерінің қолынан шыққан, қазақы дәстүрге сай жабдықтап, сән-салтанаты, сүйегін құрау, тігу - жығу ерекшеліктерін ескеріп жасап шыққан көшпенділер баспанасы алып келінген. Халқымыздың ұлттық және заманауи тағамдары да қонақтардың көңілінен шықты.

Айта кетейік, Германия астанасына қазақстандық туристік компаниялар мен қонақүйлердің 30 өкілі келді. Отандық туристік бизнес  өз қызметтері туралы әңгімелеп, жаңа іскерлік қатынастар орнату мүмкіндігіне ие болды. ITB Berlin көрмесі жыл сайын 180 -нен астам мемлекеттен 10 мыңдай туристік сала өкілінің басын қосады.