Жапония мен БҰҰ ДБ Қазақстанға құрғақшылықты болжауға арналған жабдықты тапсырды

Жапония мен БҰҰ ДБ Қазақстанға құрғақшылықты болжауға арналған жабдықты тапсырды

Біріккен Ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы Жапония Үкіметімен бірлесіп еліміздің гидрометеорологиялық қызметіне осындай мүмкіндік беретін арнайы есептеу жабдығын тапсырды. Оның көмегімен тылсым мінезді табиғаттың төтенше жағдайлары алдын ала анықталады. Қазгидромет онда түскен барлық мәлімет өңірлік билік пен шаруа қожалықтарына қолжетімді болатынын айтады. Қазір жаңа жабдықты сынап, алынған деректерді нақтылау жұмыстары жүріп жатыр.