Қазақстанда жыл сайын 1 мың жас ғалымның зерттеуіне арнайы грант беріледі

Жалпы құжатта 7 бағыт бойынша жастарды қолдау шаралары айқындалған. Алдағы 7 жылдың ішінде жас мемлекеттік қызметшілердің үлесін 25% арттыру және 2 млн-нан астам еріктіні қайырымдылық пен экологиялық бастамаларға тарту көзделген. Осы аралықта 150 мың жас тегін техникалық және кәсіптік және үш млн жуық талапкер жоғары біліммен, ал іскерлікте белсенділері жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді. 2 млн-нан астамы тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Тұжырымдамада ауыл жастарын қолдап, әлеуетін арттыруға басымдық беріледі. 

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Бүгінде жастардың 43,7%-ті ауылда тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға баса назар аударылады. Сонымен қатар, кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Жоғарыда аталған шаралар аясында 29-шы жылға дейін 1 млн ауыл жастарын жұмыспен қамту, бір жарым млн жастың цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 млн жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген.