Миллионнан астам оқушы бір мезгілде қазақ күйлерін орындады
Наурыз мейрамына орай еліміздің орта және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» атты челендж өтті. Шара аясында оқушылар Ұлы Дала сазгері, күй атасы - Құрманғазының шығармаларын нақышына келтірді. Басты мақсат төл мәдени мұраны сақтап, балалар арасында қазақ домбырасының құдіретін дәріптеу. Ел деңгейіндегі шараға 7 мыңға тара білім ошағы мен миллионнан астам оқушы қатысты. Игі істен елордалық Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицей шәкірттері де шет қалмады.
Жұлдыз Пішенбай, Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің оқушысы:
- Мен домбырада 10 жасымнан бастап ойнамын. Себебі, қазақтың ұлттық аспабын үйреніп, дамытқым келеді. Әлихан мектебінде өзіміздің домбыра өнерін көрсету үшін добыра тартып үйренеміз. Осындай шаралар жиі болып тұрса онда ұлттық аспабымызды дамытып, бүкіл әлемге түсіндіреміз домбыраның қазақтың ұлттық аспабы екенін.
Рамазан Ерденов, Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің оқушысы:
- Менің күйші болғым келетіні атам атақты күйші болды. Сондықтанда, оның жолын қуғым келеді. Домбырада өте жақсы ойнау үшін үйірмеге қатықаныма үш жыл болды.