Сайлауда астаналықтар белсенді дауыс беруде

Сайлауда астаналықтар белсенді дауыс беруде

Соған қарамастан тұрғындар сайлау учаскілеріне таңғы жетіден келе бастады.  Сайлаушылардың дені орта буын өкілдері мен жастар. Баршасының ортақ пікірі біз өз болашағымызға дауыс береміз дегенге саяды. Алғаш рет не ең бірінші болып өз таңдауын жасағандарға кәде сыйлар табысталды. Жалпы бүгін бас шаһарда 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды.

Ләззат Асқарова, Астана қ. тұрғыны

- Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан әр азаматтың өз міндеті келіп дауыс беру. Осы жерге елдің болашағы үшін келіп дауыс беріп тұрмын.    

Нұрмұхамед Күдеров, Астана Қ. тұрғыны

-Отбасымызбен осы жерге келіп  тұрақты түрде дауыс береміз. Даусымызды таңертен ерте келіп беруге тырысамыз. Мемлектіміздің саяси үдерістеріне әрқашан өз үлесімізді қосамыз. Оны отбасымызбен үй ішінде талқылап, маңызын бала-шағамызға түсіндіріп отырамыз.

Жанна Тәуекелова, №111 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлауға келушілер қатары әлі бір бәсеңдемеді. Бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі.