Сайлау-2023: 45 мыңға жуық полицей жұмылдырылған

Сайлау-2023: 45 мыңға жуық полицей жұмылдырылған

Бұл іске Ішкі істер органдарының 45 мыңға жуық қызметкері  жұмылдырылған. Арнайы брифинг барысында еліміздің ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы осындай мәлімдеме жасады. Оның дерегінше, сайлау учаскелерінде ахауал тұрақты, тәртіп бұзу жағдайлары тіркелмеген. Заң бұзушылықтардың жолын кесу үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Барлық дауыс беру орындарындағы қауіпсіздік алдын-ала мұқият тексерілген. Бұған қоса, тәртіп сақшылары бюллетеньдердің сайлау учаскелеріне жетуін қамтамасыз еткен. 

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасы:

- Сайлау туралы заңның 39-шы бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау өткізу процесіне араласуға, сондай-ақ, дауыс беруге арналған үй жайларда болуға құқығы жоқ. Сондықтан, бұл ретте  сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу үшін олар комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана барады. Жалпы қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ.