Қазақстанның көкпар құрамасы халықаралық жарыста топ жарды

Отандық тақымы мықтылардың бабы 5 бірдей қарсыластың мысын басты. Ел намысын қолдан бермеген «Алатау» құрамасы ақтық сында көршілес Қырғызстан елінің мықтыларының алдын орды. Көкпар тартысының үздік үштігін осы жарыстың қожайындары Өзбекстанның ат спорты мектебінің өкілдері тұйықтады.

Айта кетейік, Қазақстанның көкпаршыларының қоржынында әлем, Азия чемпионаттары мен көшпенділер ойындарынан еншілеген алтын медальдар бар.