Қазақстандық кітапхана қызметкерлері Түркияда біліктіліктерін арттырады

Қазақстандық мамандар біліктіліктерін Анкарадағы Түркияның Ұлттық кітапханасында арттырады. Оқу үрдісі кітапханаларды цифрландыру, қорлардың деректер қорын құру, ең бастысы ескі фолианттар мен сирек басылымдарды қалпына келтіру және сақтау ісіне бейімделген.

Нұрбек Борамбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитеті департаментінің бас сарапшысы:

- Тағылымдама аясында Түркия кітапханаларындағы әріптестермен тәжірибе алмасу жоспарлануда. Атап айтқанда, біздің кітапханашылар сирек басылымдар қорымен жұмыс істеу, реставрация тәжірибесі, кітапханадағы ақпараттандыру үрдісі, заманауи библиографиялық шаралар және бағыттар бойынша біліктілікті арттырады. Сонымен қатар мамандар түрік кітапханаларының деректерін, яғни, электронды деректер қорын және цифрландыру процестерін зерттейді. Сондай-ақ кітапхана ісіндегі ғылыми сипаттамалар, басылымдар, менеджмент, маркетинг және қызметкерлерді басқарудағы заманауи тәсілдер үйретіледі.

Республикалық мәдениет ұйымдары кадрларының шетелде біліктілігін көтеруі бірінші рет емес. Осыған дейін мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, музыкалық және драмалық театрлардың қызметкерлері де шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, оқытудан өтті.