Астанада Қырғызстанның кәсіпкер әйелдері туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Еңбек Назарбаев Университеті жанындағы Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы ғалымдарының көрші елге жасаған экспедициясы кезінде жинаған деректеріне негізделген. Басылымның жетекшісі Жоғары бизнес мектебінің ассоциацияланған профессоры Шумайла Юсуфзай. Оның айтуынша, әрбір оқиға Қырғызстандағы қауымдастыққа негізделген туризмнің жергілікті әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, мәдениетті сақтауға және ел экономикасына үлес қосуы жайлы баяндайды. Профессор  қырғыз елінің қауымдастыққа негізделген туризм үлгісі бүгінде айтарлықтай табысты еңбек етіп келе жатқанын атап өтті. Ол 1995 жылы нәзік жандыларды қолдау мақсатында әзірленген жоба шеңберінде дамыған. Бүгінгі таңда Қырғызстанда туризмнің бұл түрін дамытуға арналған 18 кеңсе бар. Олар әйелдерге әртүрлі мамандықтарды меңгеруге, жұмысқа орналасуға және өз аймағында табысты бизнес құруға жәрдемдеседі.

Шумайла Юсафзай, НУ жоғары бизнес мектебінің ассоциацияланған профессоры, Nurce директоры:

- 2022 жылы Назарбаев Университетінің Қазақстандағы, Қырғызстандағы және жалпы Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігін зерттеуге арналған грантын ұтып алдық. Зерттеу тақырыбы - қауымдастыққа негізделген туризмдегі назік жандыларға қолдау көрсету. Біз Қырғызстанның Орталық Азия елдерінің бірі болып табылатынын, атап айтқанда, әйелдердің қауымдастыққа негізделген туризмге қатысуы бойынша жетістікке жеткенін білеміз. 2022 жылы біз Қырғызстанның әртүрлі аймақтарынан келген әйелдермен сұхбат жүргіздік. Біз олардың әртүрлі әңгімелерін, отбасына, қауымдастықтарға, туған жеріне, экономикаға және туризмге қосқан үлестері туралы әңгімелерін естідік. Кейін бірегей әңгімелерді көпшілік назарына ұсынуды жөн көріп, сонда йшешім қабылдадық.

Джозеф Кеннингс, Назарбаев университеті жоғары бизнес мектебінің деканы:

- Біз тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар аймақты да зерттейміз. Жаңа компаниялардың келуіне қандай факторлар әсер етеді, компаниялардың нарықтан шығуына не түрткі болды? жас компаниялар мен кәсіпкерлердің табысты өсуі үшін қажетті нарықтық экожүйені қалай құру керек? Осы сұрақ төңірегінде зерттеу жүргіземіз.

Дәл осындай зерттеулер Қазақстанда да жүргізіліпті. Жыл соңына дейін елімізде әйелдер арасындағы қауымдастық туризмін дамыту туралы кітаптың тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда.