Сенат төрағасы Мәскеуде қазақстандық студенттермен кездесті

Спикер Қазақстанда сапалы білім мәселесіне баса мән беріліп, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келе жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды реформалардың мән-маңызына тоқтала келе жастарды еліміздің мемлекеттік қызмет істеріне араласуға шақырды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының төрағасы:

- Біздің саяси жүйеге, мемлекеттік басқару органдарына жастарыдың келуі өте маңызды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанған саясаты осы және орны үнемі айтып жүреді.   Соңғы жылдары билік тармағына жас саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Қазір бізде жас министрлер, парламент мүшелерінің қатары айтарлықтай көбейді. Жастарды мемлекеттік басқару саласына жұмылдыру және  олардың  азаматтық әлеуетін арттыру үшін тиісті жағдайлар жасалуда.   

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар ұлтымыздың бас ақыны Абай Құнанбайұлының  ескерткішіне гүл шоғын қойды.