Әлемдік шахмат тәжі үшін ойынның жетінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына шешілді

Әлемдік шахмат тәжі үшін ойынның жетінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына шешілді

Жетінші партияда Ян Непомнящий ақ тастармен, ал қытайлық Дин Лижэнь қара фигуралармен ойнады. Кездесу 37-жүрісте ресейлік шахматшының пайдасына аяқталды. Енді екі гроссмейстер теке-тіресіндегі есеп - 4:3. Келесі кездесу сәуірдің 20-сына белгіленген.

Еске салайық, қос қарсылас арасында барлығы 14 партия жоспарланған. 7 ұпайдан жоғары жинаған шахматшы әлем чемпионы атанады. Қазақстан астанасында 7 сәуірде басталған шахматтан әлем чемпионаты 1 мамырға дейін жалғасады.