Қазақстандықтар кейбір мамандықтарға сертификат ала алады

Қазақстандықтар кейбір мамандықтарға сертификат ала алады

Ел азаматтары арнайы орталықтарда біліктілік  арттырып, оны растай алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Сертификатты жұмыссыздар, жұмыс берушінің арнайы жолдамасы арқылы немесе азаматтар өз бетінше ала алады.  Негізінен бұл қызмет қызмет көрсету саласының мамандарына – салон шеберлеріне, сантехниктерге, электриктерге және басқаларға арналған. Бірақ бұл қызмет түрін мұғалімдер, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлері, сонымен қатар жоғары білім туралы кәсіби диплом талап етілетін мамандық иелері қолдана алмайды. Ал байланысты кәсіптерге қатысты шешімді кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер қабылдайды. Олар заң жобасы аясында әрбір мемлекеттік органның базасында құрылады.

Айта кетейік, қазақстандықтар сертификатты келесі жылдан бастап ала алады.