Шахматтан әлем чемпионатында Дин Лижэнь он екінші партияда есепті теңестірді

Шахматтан әлем чемпионатында Дин Лижэнь он екінші партияда есепті теңестірді

Оның қарсыласы, ресейлік шахматшы 38-ші жүрістен кейін ұтылғанын мойындады. Осымен Ян Непомнящий қытайлық шахматшыға үшінші рет есе жіберіп, таразы басын теңестірді. Есеп 6:6. Бұған дейін  қос қарсылас 11 партияда ойынды тең аяқтаған еді. Әлем чемпионы атағы үшін тартысты бәсекенің 13-ші партиясы бүгін өтеді. Регламентке сәйкес, әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан тұрады. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, онда шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақтық партия» бар. Еске салайық, 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстан астанасында шахматтан әлем чемпионаты өтуде.