Қазақстан бокстан әлем чемпионатында медаль саны бойынша үшінші орынға көтерілді

Қазақстан бокстан әлем чемпионатында медаль саны бойынша үшінші орынға көтерілді

Еске салайық, дүбірлі додада қазақстандық Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай топ жарып, 4 бірдей алтын медальды еншіледі.  Ал Дулат Бекбауов күміс медальға қол жеткізді. Жалпы есепте  Қазақстан Құрамасы екінші орыннан көрінді.  

Айта кетейік, Қазақстан 1993 жылдан бері егемен ел ретінде осымен 16-шы рет әлем чемпионатына қатысқан. Қазір еншімізде 18 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы әлем чемпионаты тарихындағы медаль есебінде Қазақстан АҚШ-ты басып озып, 3-орынға көтерілді. Бірінші орынға - Куба, ал екіншіге Ресей жайғасқан.