Түркияда алғаш рет «Қымыз fest» фестивалі өтті

Мұнда бие сауылып, балғын саумал күбіде пісіліп, тостағандарға құйылды. Яғни қымыздың дайындалу процесі келушілерге толық көрсетілді. Ұйымдастырушылар сусынның адам денсаулығына пайдасын түсіндіріп, халқымыздың  ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы кеңінен айтып берді. Сондай-ақ қазақтың ұлттық бұйымдарын дайындау, соның ішінде  кілем тоқудың ұлттық техникасы көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Мереке көрігін ұлттық ән мен жыр одан сайын қыздыра түсті. ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы мен Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта Түркияда осындай шараларды жиі өткізіп тұратынын жеткізді.