Қазақстанда жаңа 50 сауықтыру лагері және 100 инновациялық шығармашылық орталық салынады

Бұл нысандардың құрылысын 2026 жылы аяқтау көзделген. Үкімет балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады. Биылғы маусымда 2,8 млн жеткіншек сауықтыру іс- шараларымен қамтылмақ. Бұл мақсатта қалалардың маңында 200  шақты және 10 мыңнан астам мектеп жанындағы бейінді және шатыр лагерьлері өз есігін айқара ашады. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу қамында 500 астам мәдени танымдық және 300 астам спорт пен туризм бағытында шаралар ұйымдастырылады.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Өңір әкімдіктері демалыс кезінде оқушылардың музейге, театрлар, қорықтар,  ұлттық парктер мен спорттық нысандарға тегін баруларын қамтамасыз етуі керек. Шалғай елді мекендерде тұратын балалар үшін мәдени-тарихи жерлерге, Астанаға саяхаттар ұйымдастыру керек. Оқу- ағарту министірлігі, мәдениет министрілігімен бірлесіп ұлттық білім беру дерекқоры негізінде балаларды үйірмелер, секциялар және сауықтыру іс-шараларымен қамту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бойынша біріңғай электрондық тұғырнама құру мәселесін шешуі қажет.