Қазақстандық ІТ стартаптар әлемді бағындыруда 

Мәселен, дәрілік заттар өндірісіне қатысты зертханалық жұмыстың нәтижесін бірнеше есе арттыратын отандық жобаға қанадалық биотехникалық компания қызығушылық танытып отыр. Жасанды интеллекттің негізінде құрылған жүйе фарм өнімдерін шығаруға қажетті молекулалық сараптамалар жасайды. Қазір оның көмегіне ТМД мен Еуропа елдерінің бірқатар салалық мекемесі жүгініп жүр.

Дәукен Сейтқали, жоба авторы:

- Біздің клиенттер, биотехкомпаниялар өз  белоктарының 3D моделін жібереді. Ол қандайда бір аурумен байланысты болады. Біз осы тұғырнама арқылы оны жоятын немесе күшейтетін молекулалардың тізімін, формулаларын  даярлап шығарамыз. Олар осы тізімді қолданып ең тиімді деген түрлерін таңдап өздерінің жүргізіп жатқан зертханалық жұмыстарын 10-100 есе тездетеді.

Қазақстандық оқушылар ойлап тапқан ерекше қажеттіліктері бар балаларды сауықтыруға арналған мына мобильді қосымша да халықаралық ЮНИСЕФ ұйымының назарына ілікті. Бағдарлама бейімдеуге бағытталған 10 кітап және ойынмен қамтылған.   

Әмина Смағұлова, жоба авторларының бірі:

- Сәуір айының соңында шақырту бойынша жобамызды Стэнфорд университетінде өткен халықаралық неврология форумында таныстырдық. Ғалымдар мен профессорлар біздің әдістемеге жоғары бағаларын берді. Олардың сөзінше бұл маңызды іспен айналысып жүрген бірден бір жоба.

Балғындардың ой-өрісін ойын арқылы өрбітуге бағытталған енді бір отандық мобильді қосымша халықаралық нарықтарға бет алған. IBARS жобасы бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандық бүлдіршіннің сүйікті ойынына, ал  ата-ананың бала тәрбиесіндегі сенімді көмекшісіне айналған.  

Алтынбек Сұлтанқұлов, жоба жетекшісі:

- Бұл ойын баланың ойлау қабілетін, зияткерлік пен есте сақтау қабілетін және бояу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады.   39:36:17 Біздің ойын қазақ тілімен қоса, орыс және ағылшын тілінде. Алдағы жарты жылда Орталық Азия және Шығыс Азия мемлекеттеріне шығу жоспарлануда.

Бұл NURIS бизнес инкубация және акселерация бағдарламаларының кезекті түлектері.  Айта кетейік, жалпы 2016 жылдан бері 500 тарта жоба бағдарламаға қатысып, 200 астамы сәтті жүзеге асып нарыққа шықты. Бүгінге дейін олар  арқылы 1,3 млрд долларға жуық инвестиция тартылған.