«Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары ЮНЕСКО-ның тізіміне енгенін растайтын сертификаттар табысталды

«Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары ЮНЕСКО-ның тізіміне енгенін растайтын сертификаттар табысталды

Оны елімізге ресми сапармен келген ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле тапсырды. Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстандағы ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының ұлттық желісіне 15 объекті енгізілген. Сонымен қатар материалдық емес  мәдени мұралар реестірінде киіз үй құру өнері, айтыс, Наурызды мерекелеу, құсбегілік, қатырма нан пісіру бар. Сонымен қатар оның ішінде қазақтың мәдени мұрасына тікелей қатысы бар төрт нысан «Домбырамен күй орындау өнері», «Қазақ күресі», «Қазақ дәстүрлі асық ойыны» мен «қазақтың жылқышыларының дәстүрлі көктемгі салты» енгізілген.