Шарын шатқалы және Көкпек асуы

Бүгін Азизамен бірге біз таңғажайып шатқалдарға және көздің жасындай мөлдіреген Көлсайға барамыз.

Шарын дегенде көбі ұлттық парктің Қорғандар алқабы атанған ең көрнекті, ең айбынды бөлігін меңзейді. Шарын ұлттық паркі 2004 жылы құрылған. Қорғандар алқабынан бөлек, мұнда тағы төрт шатқал бар: Ұзын бұлақ, Кішкене шатқал, Темірлік және Қара шатқал. Бұларды біріктіретін бір нәрсе: барлығы Шарын өзенінің бойында орналасқан.

Бағдарламаны аcrosscentralasia хэштегі бойынша бақылап отырыңыздар! Қызықты хикая енді басталды.