Ташкент – Өзбекстанның жүрегі

Өткен бағдарлама қасиетті Арыстанбаб пен теңдессіз Отырар қаласына арналды, сондай-ақ жол-жөнекей біз әйгілі Шым-ситиге ат басын бұрғанбыз. Бүгін Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкентті бірге аралаймыз!

Біздің саяхат Ұлы Жібек жолының сорабымен жүреді, сондықтан көне қалалардың байырғы тарихына көбірек үңілеміз. Бұл жолы біз Әзірет Имам атты XVI ғасырдың керемет ансамблін өз көзімізбен тамашалайық деп Сибзар ауданына табан тіредік.