Нұр-Сұлтан қаласының сіз бармаған көрікті жерлері

«Есіл ағады, есіл ағады» деп әйгілі МузАРТ тобы шырқағандай, бұл жолы біз Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерінің бірі Есіл өзенінің бойына келдік. Бұл жердің сұлулығына көз тоймайды. Оның үстіне өзен жағасы шаршағаныңды басып, тынысыңды ашады. Сондықтан да болар қала тұрғындары мен қонақтарының дені Есілге келіп, серуен құрады.

Есіл өзенінің жағалауы елордалық тұрғындардың сүйікті орындарының бірі. Бұл жерге келгендер Есілдің ерке толқындарына сүйсініп, өзен жағалауының жарқыраған көріністерін тамашалап, әдемі жерлерге естелікке суретке түседі.

Ендеше, теплоход арқылы Есіл өзенінің бойын аралап, Елорда келбетін тамашалайық!