Алтын Орда: мәдениеті, қалалары мен тыныс-тіршілігі

Баяғыда, бұдан 750 жылдай бұрын, кең-байтақ Еуразия жерінде, Алтын Орда мемлекеті құрылды. Оны Ұлы Ұлыс деп немесе Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының есімімен – Жошы ұлысы деп те атады.

Тарихшылар бұрын Жошы Ұлысын көбіне мал шаруашылығына негізделген көшпенді мемлекет ретінде бағалап келді. Алайда, жаңадан табылған археологиялық мәліметтер басқаша ой салады. Қалалардың орнын қазған кезде, әртүрлі архитектуралық ескерткіштер, қолөнершілер жасаған әдемі дүниелер мен көптеген ауылшаруашылық дақылдары табылды.

Бүгінгі бағдарлама барысында «көшпенді империяның, уақыт өте келе, қалалық инфрақұрылымы дамыған елге айналу процессі қалай жүзеге асты?» деген сұраққа жауап беруге тырысамыз.