Қазақ хандығы қалай құрылды?

Қазақ мемлекеттігінің әрі қарай дамуына Алтын Орда қалай әсер етті, оның қандай маңызы болды? Қазақ хандығы қалай құрылды? Бүгінгі бағдарламамызда осы жайында әңгімелеуге тырысамыз.

Жошы мемлекеті күш алып, нығады, сөйтіп, алтын орда хандары сауда алаңдары мен базарлары бар шаһарлар тұрғызуға кіріседі. Қала көшелері мен махаллаларын керуендер емін-еркін өте алатындай кең, ыңғайлы қылып салады. Бұл шаһарлар қысқа уақыттың ішінде сауда-саттық пен мәдениет орталықтарына айналады. Қолөнер шеберлері бүтін бір махаллаларға жайғасады. Ұсталар, қару-жарақ жасаушылар, қайысшылар өте жоғары бағаланады. Ал тері илеушілер мен киіз басушылардың даңқы Алтын Ордадан асып, өзге елдерге де кең жайылады. Иленген тері мен киізді италиялық көпестер өте көп мөлшерде сатып алуға кіріседі.