«Ұлытау» тобы мен «Отырар сазы» оркестрінің Страсбургте өнер көрсетті

Страсбург. Музыка мен конгресстер сарайында өткен концерт Франция Республикасындағы Қазақстан елшілігінің «Франциядағы Қазақстан күзі» ауқымды жобасын қорытындылады.  

Ауқымды шарада еліміздің екі әйгілі ұжымы өнер көрсетті. Дәлірек айтқанда Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі мен «Ұлытау» этно-рок тобы франция жұртшылығына үздік туындыларынан шашу шашты.