Ерекше аспап – тайтұяқ

Музыка мен музыкалық аспаптардың шығуы туралы әлемде әр түрлі аңыз бар. Бағзы заманда адамдар айналадағы түрлі дыбысқа қарап, құстың шиқылын, ағаштың сыбдырын тыңдап музыка үнін туғызған көрінеді. Сондай-ақ сол заманның өзінде адамдар тасты қашап, қамысты кесіп, ағашты жонып түрлі дыбыстар шығарудың тәсілін меңгерген. Осылай музыкалық аспаптар пайда болған еді.

Уақыт өте келе олардың сыртқы келбеті өзгеріп, жетілдіріле түсті. Қазақ халқында 30-дан астам ұлттық аспаптың түрлері бар. Олардың дыбыс шығаруы әр түрлі болып келеді. Сондай ерекше аспаптың бірі – тайтұяқ.