Талды-2 қорымындағы археологиялық қазбалар

Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археологиялық экспедициясы 2020 жылғы ең басты нысанды зерттеп жүр. Талды өзенінің бойындағы үлкен обаның құпиясы көп екен. Ол Алтын Орда заманынан бастап қола дәуірін қамтитын ескерткіш болып шықты. Археологтар тобын басқарған Сарыарқа археологиялық институтының қызметкері, Арқадағы қола дәуірін зерттеп жүрген ғалым, атақты дала пирамидасын алғаш ашқан – Игорь Кукушкин.