Әбіш Кекілбаев. Әдеби майдан мен саяси мансап

Әбіш Кекілбаев... жұмбағы мол, сегіз қырлы, бір сырлы, өзгелердің қызығушылығын оятатындай тұлға. Оның өміртарихы – жоғарғы мансаптар мен айтулы қызметтерден тұрады. Бірақ дарынды жазушы, сөз зергері, заманауи әдебиетшілерге үлгі болатын екінші Кекілбаев тағы бар. Тіпті ерекше жаралған осы бір жанның адами қасиетін сипаттайтын негізгі, басты қыры да осы болуы мүмкін.

Мәңгүрттік. Қазақстандық оқырманды осы бір сұмдық құбылыспен алғаш таныстырған – Әбіш Кекілбаев еді. Оның «Күй» деп аталатын повесінде санасынан айрылған жанның трагедиясын жеріне жеткізе суреттейтіні сонша, адамның төбе құйқасы шымырлап кетеді. Кекілбаев – қазақтың дарынды жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері болды.  

Бағдарламамыздың жаңа шығарылымында осы жазушының жеке өмірі мен сан қырлы шығармалары туралы әңгіме қозғаймыз.