Олжас Сүлейменовтың қазақ әдебиетіндегі орны

Ол ғарышты бағындырған Гагариндей, әдебиет орбитасына ұшып кірді. Ол  Семей ядролық полигонын жабуға ат салысқан адам. Жазған өлеңдерімен күллі әлемге танылды. Ұлы тұлға – Олжас Сүлейменов... Book club бағдарламасының жаңа шығарылымында осы қаламгер туралы әңгіме қозғаймыз.

Олжас Сүлейменов – Қазақстан әдебиетіндегі өз орнын ойып алған классик ақын, жазушы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, саясаткер.

Қаламынан шыққан бірегей туындыларымен оқырманын қуантып жүргеніне де 65 жыл болды, яғни өз өмірінің 2\3 бөлігінен астам уақытын осы жолда өткізіпті. Жасы ұлғайып қалса да, әлі күнге дейін, жұртты елең еткізетін ой-пікірлерін ортаға салып келеді.