Елдің белгісіне айналған сәнді туристік маршруттар

Грузияда адамдарға ілтипатпен қарайды. Грузия – Закавказьенің батыс бөлігінде, Қара теңіздің шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Ресей, Армения, Түркия және Әзербайжанмен шекаралас жатыр. Аумағы – 69 700 км², дүниежүзінде 119-шы орында тұр. 2021 жылғы 1 қаңтардағы халық саны – 3 728 573 адам. Грузия алуан түрлі. Кавказда орналасқан, бірақ еуропалық негіздер мен шығыстық мейірімділікке ие. Ауданы Қазақстанның ешбір облысынан үлкен емес. Грузия әлі де көпұлтты. Мұнда синагога, православие соборы, армян ғибадатханасынан алыс емес жерде католик шіркеулерінің қасында сүнниттер мен шииттер бірге намаз оқитын жалғыз мешіт бар.