Литва заңын білетін адам республика азаматы атанады

Джеймс Бондтың лицензиясын алу және елеспен баскетбол ойнау. Қазақша жазылған заң. Тоғызқұмалақ сайысы. Күн тасының құпиясы және күн мен жердің қосылатын орны.

Литва Республикасы – Еуропаның солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Балтық теңізіне шығатын жолы бар. Шегарасы Латвия, Беларусь, Польша және Ресеймен шектеседі. Аумағы – 65 300 км². Әлем бойынша 121-ші орында. Халық саны 2021 жылғы қаңтардағы дерек бойынша шамамен 2 млн 800мың адам. Астанасы – Вильнюс. Дипломатиялық байланыс Литва Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында 1992 жылы 15 маусымда орнады.