Ayree: Репертуарымда бағытымды көрсететін әндер аз

Бағдарламаның бұл шығарылымында отбасы тақырыбын жалғастырып, ата-ананың бала өміріне ықпалы жайлы сөз қозғаймыз.

«Алма алма ағашынан алыс түспейді». Мұны біз жиі еститініміз жасырын емес. Оның терең мағынасы бар.

Иә, ұрпақ ата-анасына қарап бой түзейді. Көбіне талантты тұлғалардың балалары да шығармашылыққа құштар болатыны рас. Осы орайда Төле бидің «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын өзі біліп тұрса игі» дегені еріксіз ойға келетіні рас.

Осы орайда бағдарлама шығарылымы көркіне ақылы сай ару туралы болмақ. Өзі жас, талантты және талапшыл қыз алдына биік мақсаттар қойған. Бұл әнші ғажайып вокалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленіп, көпшілікті тамсандырып жүр. Ол тек Қазақстанда ғана емес, күллі әлемге танымал болатынына кәміл сенеміз. Оның есімі – Ayree.