Интерьер дизайнерлері – жайлылық пен жылулықтың жаршысы

Сіздер қоршаған ортаға сұлулық сыйлайтын,кез келгенді ерекше әсерге бөлейтін, жайлылық пен жылулықтың жаршысы деп аталатын кәсіп иелерімен танысасыздар. Себебі бағдарламаның кейіпкерлері – интерьер дизайнерлері. Олар инженерлік коммуникациялар, құрылыстың қыр-сыры, техникалық мүмкіндіктер, түстердің үйлесімділігі туралы білуі керек. Оған қоса талғамының биік болуы, тапсырыс берушінің көңілінен шығатын жобалар ұсына алуы тиіс. Әр маманның өз міндеті бар. Мысалы дизайнердің жұмысы сәулетшінің жұмысымен байланысты. Шын мәнінде сәулетші үйлерді жобаласа, дизайнер ішкі кеңістікті безендіру ісімен айналысады. Иә, бұл кәсіптің қызығы да, қиындығы да көп. Ендеше өз мамандығының қыр-сырымен бөліскен кейіпкерлерімізбен таныс болыңыздар.