Яков хан, Кенжебек Чекиров, Гюльянаг Мамедова – Орталық Азияның талантты тұлғалары

Қазақстандағы джаз сүйер қауымның бірнеше буын өкілдеріне Яков Ханның есімі жақсы таныс. Ол – танымал музыкант, дирижер әрі ұстаз. Жасы 80-ге таяған ақсақалды көпшілік жігерлі, талантты, мейрімді, қайратты және қарапайым дядя Яша деп атайды. Ол музыканы шексіз сүйеді және джаз виртуоздарына бағыт-бағдар беріп, мол тәжірбиесімен бөлісіп келеді.  

Бұл сюжетте, сондай-ақ, Қырғызстандағы грэпплингтің негізін қалаушы, аралас жауынгерлік өнерден тәжірбиелі жаттықтырушы Кенжебек Чекиров туралы баяндайтын боламыз. Ол кейбір ата-аналардың басты қателігі – өзінің баласының мойнына үлкен жауапкершілік жүктеп, биік талаптар қоюында деп санайды. Біздің кейіпкеріміздің ұлы мен қызы кішкентай кезінен бастап, спортпен шұғылданып, қатаң кестеге сай өмір сүрді. Оған қоса, математикадан қосымша дәрістерге қатысатын, шет тілдерін үйрететін курстарға баратын. Мұның соңы жақсылыққа әкелмеді. Олардың денсаулығы сыр бере бастады.

Біздің келесі кейіпкеріміз – танымал әнші, Әзербайжанның халық әртісі Гюльянаг Мамедова. Ол 43 жасында төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Осы орайда, көпбалалы ана шығармашылықпен айналысуға да уақыт табады.Балалары оған сарқылмас шабыт сыйлайды, күш береді. Талантымен талайларды тәнті етіп, киелі сахнада өнер көрсетіп жүр.