Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның ұлттық музыкалық аспаптары

Қазақстанда тұратын кез келген адам қазақтың музыкалық аспаптарының төресі – домбыра екенін жақсы біледі. Ал қобыз – қазақтың қымбат қазынасы. Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы үшін бұл киелі аспап болып саналады.

Ендеше, бүгін біз өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін ұмыт болған қылқобыз аспабы туралы баяндаймыз. Шамандар ойнаған бұл аспап кеңес заманындағы идеалогия үшін түсініксіз еді. Сондықтан аталмыш өнерді дәріптеудің өзі дұрыс емес деген ой қалыптасты. Алайда бұл пікірге қарсы шығып, қазақ халқының ұлы мұрасын қайта жаңғырту ісін қолға алған адамдар бар.

Нагара – Әзербайжанның мақтанышы. Ел арасында көлемі жағынан өзгеше болып келетін дағыраның бірнеше түрі кең тараған.

Сондай-ақ бүгін біз Өзбекстанда музыкалық аспаптардың сұлтаны саналатын, сан ғасырлық тарихы бар – танбур туралы баяндаймыз.