Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінде түсірілетін телесериалдар

Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдеріндегі көп сериалы фильмдерге сұраныс артуда. Бүгінгі таңда телехикаялар өндірісі ең табысты индустрияға айналып отыр.

Бәсекелестік пен сұраныстың артуы -телехикаялардың сапасына әсер еткені анық. Иә, ендігі кезекте туындылардың мақсаты -жоғары рейтинг жинау. Осы орайда, оқиғаның жалғасын күтетін көрермендердің саны көбейіп отырғанын айта кеткен жөн. 

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының екінші жартысында «Хабар» Агенттігі көрермен назарына «Тоғысқан Тағдырлар» атты көп сериалы ауқымды жоба ұсынған еді. 

Телехикая бірінші сериясынан бастап, рейтінгі жоғары жобалардың қатарынан орын алатынын – жоба авторлары күтпеген еді. Оған қоса, аталмыш туындының сапасы көп бөлімнен тұратын латын америкалық ленталардан кем түспеді.