Раритет пен антиквариаттың айырмашылығы қандай?

Көне жәдігерлердің құндылығы неде? Раритет пен антиквариаттың айырмашылығы қандай? Тарихтан сыр шертетін бұйымдарға деген сұраныстың жоғары болуына не себеп? Бұл туралы «Азия өрнегі» бағдарламасынан біле аласыздар. Сондай-ақ бағдарламада Алматы, Баку және Ташкенттің коллекционерлері туралы баяндалады.

Кейбір адамдар көне жәдігерлердің құнын білмей жатады. «Ескі-құсқыны жинағанның пайдасы не?» деп, қоқысқа лақтыруға асығатындар жетерлік. Дегенмен тарихы тереңде жатқан мұндай бұйымдарды қомақты ақшаға сатып алып, үйінің төріне қоятын коллекционерлер де аз емес. Солайша антиквариат сататын дүкен немесе салондардың арқасында көптеген бағалы бұйымды сақтап қала алдық.