Мария Мудряктың жеке концерті

Мария Мудряк – әуел бастан бағы жанып туған қыз. Табиғат оған ерекше дауыс берді. Ал тағдыр ғажап кездесулер мен адам сенгісіз мүмкіндіктер сыйлады. Павлодарлық кішкентай қыз сахна төріне шығып ән салуды үш жасынан бастады. Бес жасында жеке альбомын жазды. Есімі Гиннестің рекордтар кітабына «Әлемдегі ең жас опера әншісі» ретінде тіркелген.

Назарларыңызға Мария Мудряктың ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жеке концертін ұсынамыз!