«Жыр алыбы Жамбыл» концерті

Назарларыңызға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ұсынған «Жыр алыбы Жамбыл» атты концертті ұсынамыз! Бұл концерттің мазмұны ерекше, мәні терең. 2021 жылы қазақ руханиятының ең ірі мерекелерінің бірі, дала дүлдүлі Жамбыл бабамыздың 175 жылдық мерейтойы тойланғаны белгілі. Жамбыл Жабаев – туған халқының мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі ірі қайраткер. Оның өлеңдерін жинау һәм насихаттау мақсатында бірнеше көлемді жинақ жарық көрді. Сонымен қатар мерейтой аясында 500-ден астам әлеуметтік-мәдени, ағартушылық, ғылыми және білім беру жобалары іске асты. Сонымен қатар Алматы, Жамбыл облыстарында экспедиция ұйымдастырылып, көркем фильм түсірілді.