Татар ұлтының мәдениеті мен асханасы. Фарит Аюпов

Кентау – Түркістан облысындағы шағын қала. Ащысай қорғасын-мырыш кен орнын игеру мақсатында құрылған қалаға Кеңес Одағының тұсында одақтың еуропалық бөлігінен репрессияға ұшыраған азаматтардың ұрпағы қоныс аударды. Олардың ішінде грек, орыс, еврей, кәріс, шешен, неміс, татарлар бар.

Бағдарлама кейіпкері Фарит Аюповтың ата-анасы да жақсы өмір, жайлы жер іздеп Кентауға көшіп келген. Фарит мырза осы өңірде туып-өсті. Бүгінде ол Кентау қалалық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры. Түрлі ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ортақ шаңырағына айналған Кентау қаласында өткен балалық шағын Фарит мырза ерекше сезіммен еске алды. «Ұлттар арасында алауыздық, ұлтқа бөліну ешқашан болмаған», – дейді ол.