Владислав Тен: Қазақтар мен кәрістердің шежіресі өте ұқсас

Бүгінгі бағдарламамыздың кейіпкері – Өзбекстанда туып өскен, ұлты кәріс, ал қазір Қазақстанда тұрады.

Владислав Тен Қазақстанда, әсіресе еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда аса танымал тұлға. Ол жазушы емес, музыкант та емес. Бүгінгі кейіпкеріміз медицина саласында мол тәжірбиесі бар білікті гастроэнтеролог. Владислав бірнеше жыл бойы Ташкенттің үздік клиникаларында қызмет етті. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты медицина саласынан кетуге мәжбүр болды. Дәрігер атану Владиславтың бала кезіндегі асқақ арманы еді. Сондықтан ол өз арманынан толықтай бас тартқан жоқ, тек тәжірбиеден теорияға ауысты. Ол дәрігерлердің халықаралық дәрежеде білім алу мәселелерімен айналысты, қазіргі таңда  жас мамандарға дәріс береді.