Ұжымдық иммунитет дегеніміз не?

COVID.Chronicles бағдарламасының кезекті шығарылымында ұжымдық иммунитеттің маңызы жөнінде айтамыз.

Жұқпалы індет өршіп тұрғанда дезинфекция қызметі қалай жұмыс істеді?

Париждегі коммендаттық сағат. Махаббат қаласындағы шектеулер қашан алынады?

Постковидтік кезең. Оңалту шаралары неден басталуы тиіс?

Есте сақтау қабілеті нашарлаған науқастар көбейді.  

Соңғы бір жыл өмірімізді күрт өзгертті. Қазір көшеде кетіп бара жатқан адамдарды медициналық маскасыз елестету қиын. Сондықтан көпшілікті бұл қорғаныс құралын қашан шешеміз деген сұрақтың мазалайтыны белгілі. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мәслімдемесіне сай, Қазақстан азаматтарының 60 процентіне, яғни 10 миллионға жуық адамға екпе егілген соң ғана көшеде маскасыз жүруге болатын көрінеді. Осылайша, ұжымдық иммунитет қалыптасады дейді министрлік өкілдері. Жыл соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 миллионнан астам адамға салу жоспарланған.