COVID-19: жаздағы жағдайдың қайталануы әбден мүмкін

Дене шынықтыру пост-ковидтік кезеңде қалай көмектеседі? Президент 2020 жылдың жазында болған жағдайдың қайталануы жайында не деді? Бағдарламаның бұл шығарылымында осы жөнінде кеңірек айтылады.

Алматыны дамытуға арналған кеңесте Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығын атап өтті. Қазақстанның бірнеше ірі қаласы «қызыл аймаққа» өтті. Осыған байланысты шектеу шараларын енгізуге тура келді. Соңғы күндері жағдайы ауыр науқастардың саны артты. Ауруханалар тола бастады. Президент қазақстандықтарды санитарлық талаптарды сақтауға және вакцинацияға салғырт қарамауға шақырды. Себебі індеттен құтылудың өзге жолы жоқ.