Тәуелсіздік трилогиясы. 1-бөлім

Тәуелсіз Қазақстан. Қазіргі күні бұл сөз тіркесіне құлағымыз үйреніп кеткені соншалық, қарабайыр естілетіндей. Егемендік өз-өзінен келгендей көрінеді. Негізінде, азаттықтың 30 жылы ішінде тұтас бір ұрпақ өсіп, қалыптасты. Интернет пен ұялы байланысқа байланған олар үшін дүкен сөрелері тауарлар мен өнімдерге толып тұруы керек. Олардың отандық  және шетелдік университеттерде білім алуына, әлемнің кез-келген бұрышында демалуына мүмкіндіктері мол. Олар республикамызды басқа елдің құрамында елестете де алмайды. Себебі жылдар бойы тұрақты баға, жалақы уақытында төленіп тұрды, жақын болашақты да алдын ала болжап, жоспар құруға болатын еді. Кенеттен, 80-жылдардың аяғында ондаған жылдар бойы дағдыланған өмір салты көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріске ұшырады.

1991 жылға қарай, мызғымас одақ құлады. Оның орнына жаңа одақ құрылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы деп аталды. Олардың арасында біздің еліміз Қазақстан да бар.