Нұрқанат Жақыпбайдың шығармашылық ерекшеліктері

Арман Атландидасы» атты бұл фильм сахна саңлағы, реформатор-режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың шығармашылық ерекшеліктері туралы сыр шертеді. Ол өнердің өз өкілі. Бүкіл саналы ғұмырын театрға арнаған тұғыры биік тұлға. Талай таланттың томағасын сыпырған тәжірбиелі тәлімгер. Төл шәкірттерімен бірге елорда төрінде ашқан оның «Жастар театры» бүгінде ұлт мәдениеті тарихынан ойып отырып орын алды. Біздің кейіпкеріміз көрермен көңілін көркемдік әлеміне жетелеп, театр секілді текті өнер төңірегінде тереңнен толғап, актерлікке баулып жүрген шәкірттерін тәрбиелеудегі кейбір құпияларын саралай отырып, сабақты ой қозғайды. Әйгілі өнерпаз әңгіме арасында өнер атаулыны өрге сүйрейтін «арман» атты адами асыл сезім екенін ағынан жарыла айтады. Арман Атлантидасын іздеу – өнерді серік еткен өрендердің айнымас серігіне айналуы тиіс.