Музыкалық жобалардың қайталанбас түрлері. 1-бөлім

«Faces of Art» жобасы Қазақстандағы нөмірі 1-ші симфониялық «Астана Опера» театрының оркестрі мен оның аты аңызға айналған Бас дирижёрі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев туралы фильмнің бірінші бөлімін ұсынады. Оркестрдегі дирижёрдің рөлі, музыкалық жобалардың дайындық кезеңдері және олардың ең креативті әрі қайталанбас түрлері, осы секілді басқа да мәселелер жайында опера және балет музыканттары мен солистері баяндап береді. Еліміздің бас оркестрі дамудың қай кезеңін бастан өткеріп жатыр? Қоғамдағы орны қандай? Алға қойған нендей міндеттері бар? Осы сұрақтардың жауабын оркестранттардың өз аузынан еститін уақыт келді. Көрермен назарына оркестр музыканттары мен музыкалық аспаптардың портреті ұсынылады.