Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай шыңына» көтерілген сәті

1995 жыл. Жак Ширак Франция президенті болып сайланды. Халықаралық олимпиада комитеті 2002 жылғы Қысқы Олимпиада өтетін орын ретінде Солт-Лейк-Ситиді таңдады. Третьяков галереясы онжылдық жөндеу жұмыстарынан кейін қайтадан ашылды. Мына суреттегі оқиға да 1995 жылы орын алған. Абай шыңы. Абсолюттік биіктігі – 4010 метр. Суреттегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Іле Алатауындағы осы шыңға көтеріліп, еліміздің мемлекеттік туын көтеріп жатқан сәті.